Марио Балотелли: Қытайдан жақсы ұсыныс түсті, алайда мен Еуро-2020 жарысына өткім келеді



"Ницца" шабуылшысы Марио Балотелли қытайлық Суперлигадағы клубтан жақсы ұсыныс жаслағанын, алайда футболшы оны қабылдамағанын айтады. Ол жаңа маусымда өз клубында қалуды ұйғарған, - деп жазады Get French Football News.  

"Маған Қытайдан жақсы ақшалай ұсыныс жасалды, аса ірі көлемде.Бірақ мен одан бас тарттым, себебі маған футбол ойнаған ұнайды және мен қазір тек осы туралы ғанам ойлаймын. Осы екі жыл өте маңызды, себебі мен Италия құрамасымен Еуропа чемпионатына қатысқым келеді. Егер мен Қытайға кетсем, мұны істеу қиын болады. Футбол ойнағанды ұнатамын, ал ақша болса кейінірек келе жатар", - дейді Балотели. 

Балотелли "Ниццаға" 2016 жылы жазда "Ливерпульден" ауысып келді. Осы аралықта француздық клуб сапында өнер көрсетіп жүрген 28 жастағы сұрмерген қарсыластар қақпасынан 43 рет саңылау тапқан. 


  0