"Барселона" түлегін жарты миллион еуроға бағалады

Каталониялықтар үшін ол 300 матч өткізген.

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс "Барселонамен" жаңа келісім жасаспақ, - деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Тараптар қыркүйекте бекітетін келісімдерінің егжей-тегжейін талқылады. Бұл келісімшартты ұзарту емес, бірқатар шарттарды өзгерту болмақ. 

Бускетстың қазіргі келісімшарты 2021 жылға дейін, бірақ, оның ішіне о баста 2023 жылғы дейін созу туралы тармақ енген.

Бұл келісім бойынша 30 жастағы хавбектің келісімін бұзу құны 200-ден 500 миллион еуроға өседі. Сонымен қатар, ойыншының айлығы да көтеріледі.

Бускетс - "Барселона" түлегі. Катлониялық команда үшін 2009 жылдан бері 300 матч өткізіп, 28 трофейге қол жетізген. 


  0