Роналду кеткелі "Реал" жанкүйер саны бойынша 10 жылдағы ең төмен көрсеткішке жетті

Мұндай көрсеткіш 10 жылдан бері болмаған.

Испания чемпионатының бірінші турындағы "Реал" мен "Хетафе" арасындағы матчты тамашалауға (есеп 2:0) 48 466 адам ғана келген, - деп жазады "Спорт-Экспресс" порталы Goal басылымына сілтеме жасап.

"Корольдік клуб" ойыншылары "Сантьяго Бернабеу" алаңында Криштиану Роналдусыз көп жылдан бері алғаш ойнап отыр. Басылым мәліметінше, келген адам саны кейінгі он жылдағы ең төмен көрсеткішке жеткен.

Соңғы рет адамның мұнша аз келуі "Реал" 1:3 есебімен "Мальоркаға" ұтылған 2008/09 маусымындағы соңғы матчта тіркелген еді. Ол кезде Хуанде Рамос басқарған "Реал" ойыншылары турнирде қатарынан бес рет жеңіліп, жарыстан шығып қалған болатын.  

Еске салайық, Роналду осы жазда туриндік "Ювентус" сапына ауысқан. Шабуылшы Италияда жылына 30 миллион еуро алатын болады. Ал футболшының трансфері туриндік команда үшін 112 миллион еуроға түсті.

Роналду "Реал" сапында 2009 жылдан бері ойнап, 438 ойында 451 гол салған. Осылайша, ол клуб тарихындағы үздік шабуылшы болды және Чемпиондар лигасын төрт рет ұтқан. 


  0