Халықаралық чемпиондар кубогын ойынында "Реал" "Романы" жеңді

Осылайша "Реал" турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, үш ойынның қорытындысы бойынша 6 ұпай иеленді.

Халықаралық чемпиондар кубогын ойынында "Реал" "Романы" жеңді. АҚШ-тың Ист-Рутерфорд қаласындағы "Метлайф" қаласында өткен ойында испаниялық клуб 2:1 есебімен жеңді. 

"Реал" футболшылары ойынның екінші минутында есеп ашты. Гарет Бэйлдің пасын тиімді пайдаланған Марко Ассенсио есеп ашты. 13 минут өткенде Бэйлдің өзі де қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Даниэль Карвахаль нәтижелі пас шығарды. Ойынның 83-ші минутында италиялықтардан Кевин Стротманға ғана есепті бір ұпайға қысқарта алды. 

Осылайша "Реал" турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, үш ойынның қорытындысы бойынша 6 ұпай иеленді. Рома болса үш ойында үш ұпай жинады. 



  0