Куарежманың 2016 жылы салған голын Вьетнам ойыншысы қайталады

Португалиялық футболшы түркиялық "Фенербахче" қақпасына осы әдіспен гол салған еді.

Вьетнам құрамасының футболшысы (U-23) Дон Ван Хау Оман құрамасының қақпасына алыстан гол салды. Ол допты сол аяғының ішкі жағымен теуіп, доптың ұшу траекториясын өзгертті. Осы сәтте түсірілген видео YouTube желісіндегі Khánh Cây Xanh есімді қолданушы жариялады. 

19 жастағы футболшы командаласынан пас алып, айып алаңы аумағынан әуелете тепті. Ван Хаудың осы голын Twitter желісінің қолданушылары Рикарду Куарежманың 2016 жылы салған голымен салыстыруды. Португалиялық футболшы түркиялық "Фенербахче" қақпасына осы әдіспен гол салған еді. Португалия құрамасы сапында Куарежма 2016 жылы Еуропа чемпионы атағын жеңіп алған еді. 



  0