Видаль: "Барселонаға" ауысуым - спорттық мансабымдағы маңызды қадам



Чилилік жартылайөорғаушы Артуро Видаль "Бавариядан" "Барселонаға" ауысқаннан кейін өз эмоциясымен бөлісті. Видаль Каталонияға көшкеннен кейін қанағаттанатынын айтты, - деп хабарлайды Diario Gol.

"Барселонаға" қосылуым мен үшін маңызды. "Бавариядан" "Барселонаға" ауысуым - спорттық мансабымдағы өте маңызды қадам. Енді мен әлемдегі ең ірі клуб сапында және команда құрамы ең мықты команда үшін ойын көрсететін боламын.

Команданың титулдарды жеңу жолында барлық күш жігерімді саламын. Қолымнан келгеннен аянып қалмаспын. Маған сенгені үшін, "Барселонаға" әрдайым алғыс айтатын боламын.


Менің мақсатым? Мен үш жылға келісімшартқа отырдым, үш рет Испания чемпионы болғым келеді", - деді Видаль.


  0