Әлем біріншілігіне қатысқан ең кәрі футболшы спорттық мансабын аяқтады

Сауд Аравиясына қарсы өткен ойында оның жасы 45-те болды.

Мысыр құрамасының қақпашысы Эссам Эль-Хадари спорттық мансабының аяқтайтынын айтты. Қақпашы әлем біріншілігіне қатысқан ең кәрі футболшы ретінде танылған. 

Ресейде өткен әлем біріншілігінде ол ең кәрі футболшы атанды. Сауд Аравиясына қарсы өткен ойында оның жасы 45-те болды. ұрындары әлемдегі ең кәрі футболшы ретінде колумбиялық қақпашыға тиесілі еді, ол 43 жасында Жапония құрамасына қарсы ойынға қатысты. 

"Менн халықаралық мансабымды аяқтауға бел будым. Ұлттық құрама үшін менің бірінші ойынынмнан кейін 22 жыл 4 ай 12 күн өтті. Бұл аяқтауға нағыз уақыт деп ойлаймын. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткенім үшін, мысыр халқы үшін тер төккенім үшін мақтанамынә, - деп жазды Эль-Хадари Facebook желісіндегі парақшасында. 


  0