Eurosport Еуропа лигасындағы "Астананың" жеңіс голына таңданды

Жартылай қорғаушы ойынның қаһарманы болды.

"Айтуға қиын есім - адам түсіне алмайтын гол". Чемпиондар лигасындағы екінші іріктеу турында өткен матчтағы "Астананың" жеңісті голын Eurosport дәл осылай сипаттады. 

Алғашқы матчта Қазақстан чемпионы даниялық "Мидтьюлландты" 2:1 есебімен ұтты. Бұл кездесудің қаһарманы - дубль жасаған астаналық клубтың жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер болды. 

Eurosport қосымша қосылағн уақытта венгр салған голды атап өтті. "Ойын аяқталуға 25 секнд қалғанда Кляйнхайслер айып алаңынан күшті соққы жасап, допты қақпаның дәл бұрышына қадап кіргізді", - деп жазады басылым. 



"Астана" мен "Мидтьюлланд" арасындағы қарымта кездесу 1 тамызда Данияда Астана уақытымен сағат 23:00-де өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы үшінші кезеңде хорватиялық "Динамо" мен израильдік "Хапоэль" (5:0) қарсыластығының жеңімпазымен кездеседі. 


  0