Әлем чемпионатынан кейін Ресмей құрамасының футболшылары қымбаттады

Құрама мундиальдің ширек финалына дейін жеткен.

Биылғы әлем чемпионатынан кейін Ресей құрамасының бірқатар футболшысының құны өсіп кеткен, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Transfermarkt порталына сілтеме жасап.

Мәселен Ресей құрамасының 32 жастағы қақпашысы Игорь Акинфеев үш миллион еуроға қымбаттаған (12 миллион еуродан 15 миллионға). Оның мәскеулік ЦСКА сапындағы әріптестерінің де құны көтерілген: қорғаушы Марио Фернандес 4 миллионға (16-дан 20 миллион еуроға). Жартылай қорғаушы Александр Головин сегіз миллион еуроға (қазір 25  миллион). Бұл хавбекті Ресей құрамасының ең қымбат футболшысы етіп тұр.

"Вильярреалдың" жартылай қорғаушысы Денис Черышев екі есе (қазір оның құны сегіз миллион еуро). "Спартактың" жарылай қорғаушысы Роман Зобнин (8 миллион болған) және Артем Дзюба (3 миллионға қымбаттаған) қазір 10 миллион еуроға бағаланып отыр.

Ресей құрамасы Испанияны жеңіп, әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жеткен. Алайда Хорватиямен ойында пенальтиден есе жіберіп, 3:4 есебімен ұтылды. 


  0