Усейн Болт футбол клубына шақырту алды

Мұның алдында ол "Боруссия" сапында жаттықан.

Сегіз рет Олимпиада чемпионы болған ямайкалық жеңіл атлет Усейн Болт футбол клубынан шақырту алды. 

"Р-Спорт" басылымының мәліметі бойынша, Болт Аустралия чемпионатында бірінші орында жүрген "Сентрал Кост Маринерс" сапына алынуы мүмкін. 31 жастағы спортшы алты апта аустарлиялық команда сапына қосылады, осы кезде клуб басшылығы оның мүмкіндіктерін байқап көрмек. Егер ямайкалық өзін жақсы көрсете алса, онымен бір маусымға келісімшарт жасалады. 

Тараптар байқау жақсы өткен жағдайға шарттарды талқылап қойған. Спортшыға еңбекақының 70 пайызын клуб, ал қалғанын Аустралияның футбол федерациясы төлейді.

2017 жылы Лондондағы әлем чемпионатынан кейін жеңіл атлетиканы тастаған Усейн Болт, бірнеше рет футболшы болғысы келетінін мәлімдеген. Наурызда ол дортмундтық "Боруссияның" ашық жаттығуна қатысқан, ал маусымда норвегиялық "Стремсгодсет" сапында жолдастық кездесуге қатысты. Осыдан кейін "Олд Траффорд" стадионында өткен қайырымдылық матчінде әлем құрамасы сапында Англия командасына қарсы ойнаған. 


  0