Роналду "Ювентуске" кететіндіктен Бэйл "Реалда" қалады

Роналдудың ауысуы Бэйлге үміт сыйлады.

"Реал" мен Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл мадридтік клуб сапында қалатын болды, - деп хабарлайды AS.com.

Коллиялық ойын уақытының аздығы мен "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зиданмен қарым-қатынасы нашар болғандықтан клубтан кетпек еді. 

Алайда Зидан қазір "Реалға" бапкер емес, оның үстіне Роналдудың "Ювентуске" ауысатыны жариянды. Осыдан кейін Бэйл болашағына үміт бар деген есеппен клуб сапында қалу туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, келесі маусымнан бастап мадридтік клуб футболшыларын Хулен Лопетеги жаттықтыратын болады.

Бэйл "Реал" үшін 2013 жылдан бері ойнап келеді. Мадридтік клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған. Өткен маусымда 28 жастағы футболшы 39 матч өткізіп,21 гол салды және жеті рет нәтижелі пас шығарған. 


  0