Киевтік "Динамоның" бұрынғы ойыншысы "Ақжайыққа" ауысты

Былтыр ол оралдық команданың намысын қорғаған.

"Жетісу" командасының хорватиялық қорғаушысы Денис Главина оралдық "Ақжайық" клубына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жылы Главина оралдық команда сапында өнер көрсетіп, 14 матчте екі гол салған болатын. Биыл хорватиялық ойыншы Қазақстан премьер-лигасында 14 ойын өткізді, алайда, голмен ерекшелене алмады. 

Қазақстанда 32 жастағы Главина "Жетісу" мен "Ақжайықтан" бөлек қостанайлық "Тобылда" да ойнады. Жалпы Қазақстан премьер-лигасындағы үш маусымнан астам уақытта ол 61 матчке қатысып, төрт гол салды және төрт нәтижелі пас берді.

Главина футболдағы жолын өз отанында бастаған (Загреб, "Динамо"). Хорватияның жастар құрамасында ойнап жүрген 19 жастағы футболшыға киевтік "Динамо" селекционерлері көз тігеді. Украиналықтармен келісімшартқа қол қойғанымен, негізгі командаға өте алмайды, осыдан кейін оны полтавалық "Ворскла" жалға алады. Сонымен бірге, ол Днепропетровсктің "Днепрі" мен польшалық "Арка", словениялық "Заврч", хорватиялық "Вараждин" мен "Сплит" сапында ойнаған. Ал Хорватияның жастар құрамасымен бірге тоғыз матч өткізді. 


  0