"Реал" Роналдудың орнын басатын ойыншыны тапты

Мұның алдында Роналду "Ювентус" шартын қабылдағаны хабарланған болатын.

Мадридтік "Реал" командаға келуі мүмкін ойыншылардың қысқа тізімін жасады, ал олардың бірі Криштиану Роналдуды алмастыруы мүмкін, - деп хабарлайды AS. 

Тізімде алғашқы тұрған "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар. екінші - бразилиялықтың командаласы француз Килиан Мбаппе. Үшінші - "Челсидің" белгиялық жартылай қорғаушысы Эден Азар.

Басылымның мәліметінше, ПСЖ командасының екі ойыншының да келісімшарттан бас тарту төлемі белгіленбеген. Сондықтан Неймар мен Мбаппенің трансфері қиынға соғады.

Ал 5 шілдеде AS басылымы, Роналду туриндік "Ювентустың" жылына 30 миллион еңбекақы төлеу ұсынысын қабылдағанын хабарлаған болатын. Келісімшартты бұзу үшін италиялық команда "Реалға" 100 миллион төлеуге дайын. Алайда испаниялықтар бұдан көбірек сұрағысы келеді.

Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысқан болатын. Испаниялық клуб сапында Роналду екі рет ел чемпионаты мен төрт рет Чемпиондар лигасының үздігі атанған. 


  0