Путин мен Трампқа футболшы Криштиану Роналдуды талқылау ұсынылды

Португалия президенті Трампқа осындай ұсыныс жасады.

Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза америкалық әріптесі Дональд Трампқа Ресей президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуінде футболшы Криштиану Роналдуды талқылауды ұсынды, - деп хабарлайды Fox News.

"Сіз футбол туралы айттыңыз, сізге бір өтінішім бар. Сізге ұсынысым бар, Путинмен кездесетін болсаңыз, Португалияда Криштиану Роналду атты әлемдегі ең үздік ойыншы барын айтуды ұмытпаңыз", - дейді ол.

Ал Трамп "Роналду Португалия президентінің сайлауына түссе, Соуза оны жеңе алмайды" деп қалжыңдап жауап берді. 20 маусымда Роналду тарихтағы ең жылдам футболшы атанды. Испаниямен матчта ол сағатына 38,6 шақырым жылдамдықпен жүгірген. Сонымен бірге, сол ойында ол хет-трик жасады.

Футболдан 2018 жылға әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтіп жатыр және 15 шілдеде "Лужники" алаңында аяқталады.


  0