"Спортинг" футболшыларына шабуыл жасаған 50 күдіктінің 21-і ұсталды

Португалия Примерасының соңғы айналымда "Спортинг" "Бенфиканы" қуып жету мүмкіндігінен айырылып, Чемпиондар лигасына қатысуға жолдамадан қағылған еді.

Португалияда "Спортинг" клубының базасына жасалған шабуылға қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр. 

O Jogo басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері "Спортинг" футболшылары мен қызметкерлеріне шабуыл жасаған 21 күдіктіні ұстаған. 

Осыған дейін, басылым мәліметінше, футболшылар мен бапкерлер шешіну бөлмесінде болған кезде фанаттар баса көктеп кіріп келген. Олар "Спортинг" бас бапкері Жорже Жезушты балағаттап, Руй Патрисиу, Виллиам Карвалью, Бас Дост, Родриго Батталью мен Йосип Мишичті соққының астына алған. Шабуыл нәтижесінде Досттың басы жарылды.

Португалия Примерасының соңғы айналымда "Спортинг" "Бенфиканы" қуып жету мүмкіндігінен айырылып, Чемпиондар лигасына қатысуға жолдамадан қағылған еді. 




  0