"Спортингке" лайықты қарсыласылық білдіруге дайынбыз - "Астана" жартылай қорғаушсы

15 ақпанда Астана уақытымен 22:00-де Еуропа лигасының 1/16 финалында "Астана" португалиялық" "Спортингпен" кездеседі.

"Астана" футболшысы Иван Маевский Еуропа лигасының 1/16 финалдық кездесуінде елордалық клуб пен португалиялық "Спортинг" арасындағы ойынға дайындықтың қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Дайындық жоспарлы түрде өтті. Бізге барлық жағдайлар жасалды... Біз осы кездесуге дайынбыз. Еліміздің осы ойынды тағатсыздана күтіп отырғанын түсінеміз. Қазақстан тұңғыш рет осы деңгейде ойнамақшы", - деп бастады Маевский. 

- Соңғ рет сіз "Селтикпен" өткен ойынның алдында келдіңіз, сол кезде біз жеңіске жеттік. Сіздің ойыңызша, команданың жолы болған сәтте келдіңіз бе?

- Әр ойын, ол өз алдына бір тарих. Менің ойымша, сәттілік туралы айтудың қажеті жоқ. Әр ойынға дайындалу қажет, бар мүмкіндігіңді аямау керек. Оданда асып түсуге тырысу қажет. Менің ойымша бұл сәттілік емес. 

Еске салайық, 15 ақпанда Астана уақытымен 22:00-де Еуропа лигасының 1/16 финалында "Астана" португалиялық" "Спортингпен" кездеседі. 


  0