Криштиану Роналду таққа отырды

Жарияланған фотоның астына ол "1" деп жазды.

Мадридтік "Реалдың" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram желісіндегі парақшасында сурет жариялады, ол онда тақта отырып, қолына Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік футболшысына берілетін сыйды ұстап отыр. 

Жарияланған фотоның астына ол "1" деп жазды. 

The Best премиясының салтанатты рәсімі Лондондағы "Палладиум" театрында өтті. Ең үздік футболшы  "Реал" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду атанды. Бұл таласта ол "Барселона" клубының сұрмергені Лионель Мессиді және француздық "ПСЖ" клубына жаңадан ауысқан бразилиялық Неймарды басып озды.

2017 жылы "Реал" сапында жүріп , Роналду Испания чемпионатын және Чемпиондар лигасын жеңіп алды. 2016 жылы да ол ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік футболшысы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар France Football француздық журнал нұсқасы бойынша "Алтын допты" иеленген еді. 

1

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)



  0