Месси келесі жылдың жазында "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін

Ол клубқа тегін келуі мүмкін.

"Барселона" клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси каталониялық клубтан осы маусым аяқталғанда кетуі мүмкін, - деп хабарлайды The Sun.

30 жастағы футболшының келісімшарты 2018 жылы жазда аяқталады және испаниялық команданың басшылығы онымен келісімшартты ұзарта алмайды. Осыған дейін, Мессиге клубта қалуы үшін 89 миллион еуро ұсынылғаны жарияланған еді. Аптасына Месси 557 мың еуро табыс табады. 

The Sun мәліметінше, футболшы клубта қалғысы келмейді. Бұл шешімге ол Неймардың ПСЖ-ға сатылып кетуіне  және бас бапкерлікке Эрнесто Вальверденің келуіне байланысты келген. Каталониядағы саяси жағдайда Мессиді ойландыруға себепкер болған.

Аргентиналық футболшыны "Манчестер Сити" сатып алуды көксеп отыр, клуб басшылығы Мессидің өкілдерімен бірнеше рет кездескен. Месси шын мәнінде Манчестер Ситиге ауысуды ойластырып жатыр. Ол клубқа тегін келуі мүмкін. 



  0