Тұңғыш рет! Панаманың комментаторлары Ұлттық құрамасының әлем чемпионатына шыққанын қалай тойлады?

Панама құрамасы өз тарихында бірінші рет әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты.

Футболдан Панама құрамасы тарихта тұңғыш рет рет әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Солтүстік Америка құрылығы атынан Панаманың әлем біріншілігіне қатысуы мундиальдің басты сенсациясы болды. Ал АҚШ құрамасы болса 1986 жылдан бері бірінші рет әлем біріншілігінің финалдық кезеңінен тыс қалып отыр. Биыл Тринидад және Тобго футболшылары америкалықтардың жолын кесті. 

АҚШ-тың сәтсіздігін Панама мен Гондурас жақсы пайдалана алды. Панамалықтар Коста-Риканы 2:1 есебімен жеңіп, топта үшінші орынға көтерілді, ал Гондурас осы топтағы көшбасшыны  Мексика құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, төртінші орынға табан тіреді. 

Осылайша, алдыңғы үш орынды Мексика, Коста-Рика және Панама өзара бөлісті. Гондурас құрамасы тоғыспа кездесуде Австралия футболшыларымен ойын өткізіп, бағын сынап көреді. 

Осы орайда назарларыңызға панамалық комментаторлардың әлем чемпионатына жолдама алған сәттегі видеосын ұсынамыз.  

Айта кетейік, Панама құрамасының ӘЧ-2018 жарысына жолдама алуына байланысты елде мереке күні жарияланып, демалыс күні болып бекітілді. Ел президенті Хуан Карлос Варело осындай жарлыққа қол қойды.



  0