Месси Чемпиондар лигасы әнұранын фортепианода орындады

Әннің аты "Садок-Священник".

"Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы әнұранын фортепианода орындады. Видео YouTube желісіндегі Csr Bnz каналында жарияланды. .

Аргентиналық футболшы немістің композиторы Георг Фридрих Гендельдің туындысын күлімсірей отырып орындады. Әннің аты "Садок-Священник". Бұл ән Чемпиондар лигасындағы футболдық кездесулердің барлығында орындалады. 

"Барселона" клубы ЧЛ 2017/18 маусымында туриндік "Ювентус" командасымен ойынды бастайды. Кездесу бүгін, 12 қыркүйекте "Камп Ноу" стадионында өтеді. 

Өткен маусымда "Барселона" 1/4 финалда "Ювентустан" 3:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Туриндік клуб финалға дейін жетіп, "Реал" каомандасынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 



  0