Гарет Бэйл: Басты кемшілігім - жалқаулығым

Испаниялық "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы Гарет Бэйл Зинедин Зиданның мінезі жайлы және өзінің кемшіліктері туралы айтты.

Испаниялық "Реал Мадрид" клубының және Уэльс ұлттық құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл Зинедин Зиданның мінезі жайлы және өзінің кемшіліктері туралы AS басылымына айтып берді. 

"Зиданның несі ұнайды? Ол өте сабырлы. Ол футболды шын жақсы көреді. Сіздер камерадан көретін Зидан өмірде де сондай. Ол біздің жаңа дүниелерді ашқанымызды, яғни шабуыл кезінде өзіңді көрсетуге, ал қорғаныс кезінде бүкіл команданың бір ағза ретінде жұмыс істеуін қалайды. Ол қорғаныста әрбір футболшы біріне бірі көмек беріп, қорғауды талап етеді. 

"Маған сын айтылғанда қалай әсер етемін. Мен ешқашанда сынға ашуланбаймын. Бұл жай ғана пікір. Газеттер қалайда сату керек болғасын, бірдемелерді жазады. Мен туралы адамдардың жақсы да жаман да пікір жазатынына үйрендім. Мені ол қызықтырмайды. 

"Менің ең басты кемшілігім? Мен өте жалқаумын. Меніңше бұл күшті жауап", - деп жазады AS..Бэйлдің сөзін. 


  0