Бразилиялық футболшы соққан голын сәтсіз тойлады

Ойын 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Бразилиялық "Санта-Крус" футбол клубы "В" сериясында өз алаңында "Крисиумы" командасын қабылдады. Осын ойындақарсыластар қақпасына гол салған Андре Силва қуанышы қойнына сыймай, тосқауылдан секіремін деп жарақат алып қалды. Осы сәтте түсірілген видео YouTube желісіндегі Art Kalash каналында жарияланды.

Шабуылшы олйынның 29-шы минутында есеп ашты, содан кейін ол жанкүерлер отырған жаққа қарай жүгіріп, тосқауылдан сәтсіз секіріп, жерге басымен құлады. Бірнеше минуттан соң Силва орнынан тұрып ойынды жалғастырды. Ойын 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.



  0