Қақпашы 30 секунд ішінде екі рет 11 метрлік айып добын қайтарды

Кездесу 4:1 есебімен "Фулхэмнің" пайдасына шешілген.

Англия Кубогының 1/16 финалында лондондық "Фулхэм" қақпашысы Маркус Беттинелли "Халл Ситимен" өткен ойында 30 секунд ішінде 11 метрлік айып добын екі рет қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 87-ші минутында "Халл Сити" шабуылшысы Абель Эрнандес 11 метрден айып добын орындаған, алайда Беттинелли оны қайтарды. Осы кезде форвард бірінші болып допқа жеткен, қақпашы допты аламын деп ережені бұзады, төреші қайтадан пенальти тағайындайды.

Эрнандес қайтадан айып добын тебуге шығады, Беттинелли өз мықтылығын қайтадан дәлелдеп, допты алаңның сыртына шығарып жібереді.

Кездесу 4:1 есебімен "Фулхэмнің" пайдасына шешілген.



  0