Перуде клубтардың бірі Роналдуды сатып алуды ойлап отыр

Биыл жазда Роналдудың "Реалдан" салық мәселесі үшін кететіні туралы ақпараттар шыққан.

Перулік "Унион Уараль" клубы әзілді хабарландыру жариялады, олар онда мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуды әзірге сатып алмайтындарын жазған.

"Унион Уараль" Криштиану Роналдуға қызығып отыр. Бұл ұлы футболшы, бірақта әзірге бұл мүмкін емес. Бірақ болашақта келісімшарт жасасуымыз мүмкін", - делінген Тwitter желісіндегі клубтың парақшасында.




Биыл жазда Роналдудың "Реалдан" салық мәселесі үшін кететіні туралы ақпараттар шыққан. Алайда Криштиану Роналду таяуда "Реал" президенті Флорентино Переспен телефон арқылы сөйлесіп, клубтан кететін ойы жоқ екенін жеткізген.


  0