Қазақ додасында төрт рет үздік сұрмерген атанған шабуылшы "Бұқараның" бас бапкері атанды

Сонымен қатар "Бұқара" сапында "Астананың" бұрынғы бапкері қызмет ететін болады.

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының төрт клубында өнер көрсетіп, төрт рет ел біріншілігінің үздік сұрмергені атанған Ұлықбек Бакаев өзбестандық "Бұқара" клубының бас бапкері атанды. 

Бұқара қаласының намысын қорғаутын клубтың жетекшілері бүгін 38 жастағы маманды бас бапкер етіп тағайындады. Бакаевта "Бұқара" сапында "Атсана" клубының (2013 жылы жаттықтырған) бұрынғы бас бапкері Вадим Абрамов, Шухрат Файзиев және Нурилло Хабибов секілді мамандар көмектесетін болады. 

Айта кетейік, Ұлықбек Бакаев Қазақстан біріншілігіне ең алғаш 2004 жылы келген болатын. Дәл сол жылы шабуылшы қостанайлық "Тобыл" сапында 22 гол соғып, Арсен Тлехуговпен бірге еліміздің ең үздік сұрмергені атанды.

Содан соң шабуылшы 2010 жылы ("Тобыл" - 13 гол), 2011 жылы ("Жетісу" - 18 гол) және 2012 жылы ("Ертіс" 12 гол) Қазақстанның үздік сұрмергені атағын жеңіп алған болатын. 





  0