"Астананы" ойсырата жеңген "АЗ Алкмар" голландиялық клубтардың тарихи жетістігін қайталады



Еуропа лигасы топтық кезеңінің төртінші турында "Астананы" ойсырата жеңген "АЗ Алкмар" 22 жылда еурокубоктарда бір қарсыласқа он гол салған бірінші голландиялық команда болып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, АЗ клубы УЕФА-1997/98 кубогы үшін ойында 1997 жылы қыркүйекте словениялық "Мариборды" жалпы 10:2 (өз алаңында - 9:1 және қарсылас алаңында - 1:1) есебімен жеңген "Аякстен" асып түсті.

Тағы бір голандиялық "Рода" клубы 1997 жылы күзде Кубок илері Кубогының 1/16 финалында израильдік "Хапоэль Беэр-Шева" командасын 14:1 (қарсылас алаңында - 4:1 және өз алаңында - 10:0) есебімен жеңген.

"Аз Алкмардан" бес гол өткізген "Астана" плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды


  0