"Астана" мен АЗ арасындағы Еуропа лигасындағы матчіне тікелей трансляция

Ойын 21:50-де басталады.

Бүгін, 7 қараша "Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңінің төртінші туры аясында матч өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роман Григорчук жаттықтыратын команда өз алаңында голландиялық "АЗ Алкмар" клубымен ойнайды. Кездесу "Астана-Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 21:50. Кездесуді QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады.

Матчте Мадс-Кристоффер Кристофферсен бастаған даниялық төрешілер қызмет етеді, оның көмекшілері Деннис Расмуссен және Виктор Скютте, қосалқы төреші - Йорген Даугбьерг Буркардт.

Голландияда өткен бірінші кездесуде алаң иелері 6:0 есебімен жеңген.

Қазіргі таңда L тобында жеті ұпаймен англиялық "Манчестер Юнайтед" көш бастап тұр. АЗ командасында бес балл, "Партизанда" - төрт. "Астана" ұпайсыз соңғы орында.


  0