"Арсенал" Қазақстанмен матчқа Шотландия құрамасы ойыншысын жібермеді

Ол лондондық клубқа былтыр жазда өткен.

Футболдан Шотландия құрамасының бас бапкері Стив Кларктың сөзінше, "Арсенал" қорғаушысы Киран Тирни денсаулығына байланысты Еуро-2020 іріктеуіндегі Кипр мен Қазақстан матчіне шақыртылмады, - деп хабарлайды bbc.com.

Тирни жазда "Селтиктен" 25 миллион фунт стерлингке "Арсенал" сапына өткен, алайда, АПЛ-де тек күзде алғаш рет ойнады. Бұл футболшыға ота жасаумен байланысты болды. 

"Арсенал" оны шақырмауымызды сұрады. Кирннің қиындығы бар, "Арсенал" оны жақын арадағы халықаралық үзіліс кезінде шешкісі келеді. Бұл біраз көңілімізді түсірді. Кирн үшін дебұл жақсы жаңалық емес. Дегенмен бізде бұл орынға өзге ойыншы бар", - дейді Кларк. 


  0