"Ордабасының" экс-қорғаушысы "Барселонаға" қарсы ойында Мессиге гол салуға мүмкіндік бермеді

Ол Чехия құрамасының ойыншысы.

Шымкенттік "Ордабасының" бұрынғы ойыншысы Ондржей Кудела Чемпиондар лигасындағы каталондық "Барселонаға" қарсы матчте прагалық "Славия" үшін толық 90 минут ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чехиялық клуб "Камп Ноу" стадионында сенсациялық тең ойын көрсете алды (0:0) және топтық кезеңде екінші ұпай иеленді. Бұл кездесуде Кудела сары қағаз алды және Whoscored.com тұжырымынша 6,4 деген баға алды. Осылайша, "Славия" 2012 жылдан бері Чемпиондар лигасы қарсылас алаңындағы "Барселонамен" ойында гол кіргізбеген бірінші команда болып отыр.

Еске салайық, Кудела шымкенттік клуб үшін 2014 жылы жалға алу құқымен ойнаған. Чехиялық қорғаушы "Ордабасы" үшін 14 матч өткізген. 

Биыл Кудела Бразилямен жолдастық кездесуде Чехия құрамасы үшін ойнай бастады. 


  0