Боранбаев "Қайраттың" бас бапкері "қызметінен босатылғанына" қатысты пікір білдірді

Алматылықтар қайтадан алтынсыз қалды.

"Қайрат" футбол клубы Бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық команданың бас бапкері Алексей Шпилевский қызметінен босатылады деген ақпаратқа пікір білдірді. 

Кеше журналист Айдын Қожахмет 10 қарашада өтетін ҚПЛ-2019 қорытынды турынан кейін Шпилевский қызметінен босатылады деп хабарлаған. Ал бұл ақпаратты AlatauFans паблигі Instagram парақшасында жариялаған болатын. 

Бұл жариялым астына Борнабаев келесідей жазған екен: "Мұны кім шешті?".




  0