"Астана" Қазақстан құрамасының футболшысымен келісімшартты ұзартты

Оның трансферлік құны миллион еуро.

"Астана" командасы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Евгений Постниковпен келісімшартты ұзартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, 33 жастағы ойыншымен келісімшарт 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды, ал оның қазіргі трансферлік құны миллион еуро. 

Футболшы Қазақстан азаматтығын алып, "Астана" сапында 2014 жылдан ойнап келеді. Командамен ол бес чемпиондық титулды ұтты және Қазақстан Суперкубогын иеленген. 2015 жылы ол клубпен алғаш рет Чемпиондар лигасында ойнады. 2016 жылы тамызда латвиялық "Вентспилсте" жалға алу құқымен болды.

Қазақстан құрамасы үшін ол сегіз ойынға қатысты, алайда, биыл ұлттық команда үшін өнер көрсетуін тоқтатты. 

Бұрын ол "Оскол", "Динамо-2", "Металлург-Оскол", "Торпедо-ЗИЛ", латвиялық "Даугава" және солигорлық "Шахтер" үшін ойнаған.


  0