Криштиану Роналду "Алтын допты" биыл тағы алатыны айтылды

Бұл португалиялықтың алтыншы сыйы болады.

Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду осы маусымда әлемнің ең үздік футболшысына табысталатын "Алтын доп" сыйын иеленеді. Бұл туралы The Sun басылымы Corriere dello Sport бпорталына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Басылымның мәліметінше, жүлдені табыстайтын France Football журналының өкілдері Туринге барып, Роналдумен кездескен. олар форвардпен карьерасындағы алтыншы "Алтын допты" талқылаған.

Былтыр бұл беделді сыйды "Реал" жартылай қорғаушысы Лука Модрич иеленген. Ал бұл жолы ол үміткерлер тізіміне де енбеген. 

Сыйды табыстау 2 желтоқсан Париждегі театрда өтеді. Роналдудан бөлек "Алтын доқа" үміткерлер қатарында "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси бар. Аргентиналық португалиялықпен қатар "Алтын допты" бес рет иеленген.


  0