Футболшының өзінен асыра тепкен добы командасына жеңіс әкелді

Ол 91-ші минутта гол салды.

УТА клубының футболшысы Ромарио Флорин Мойзе Румыния чемпионатының екінші дивизоны 14-ші турында "Решницаға" қарсы ойында әдемі гол салды.

Ойыншының қосымша уақытта айып алаңнан өзінен асыра тепкен тепкен добы қарсылас қақпасына дәл кірді. Осылайша, бұл жеңіс голы болды. 

Кездесу 3:2 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Мойзе бұл матчте дубль жасады.



УТА 26 ұпаймен Лига 2 турнир кестесінде екінші орында. Румынияның жоғары дивизионына екінші лигадағы үздік екі команда өтеді. Ал "Ресита" 16-шы орында.


  0