Өз тарихында ең ірі есеппен ұтылған "Астана" антирекорд орнатты

Мұның алдында ол үш рет 0:5 есебімен ұтылған еді.

Голландиялық АЗ командасынан 0:6 есебімен ұтылған "Астана" өз тарихындағы кері рекордты орнатты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Мұның алдында астаналық команданың ең ірі жеңілісі 0:5 болған. "Астана" мұндай есеппен үш рет ұтылды. Бірінші рет 2011 жылдың 26 мамырында, ол кезде "Локомотив" болған астаналық клуб Павлодарда "Ертіс" командасынан ұтылған. 2013 жылдың 11 шілдесінде Еуропа лигасында "Астана" Станимир Стоилов жаттықтырған болгариялық "Ботевтен" ойсырай жеңілді. Үшінші рет "Астананы" 2017 жылдың 16 тамызында Глазгода "Селтик" күл-талқан еткен. 

"Астананың" голландиялық АЗ командасынан ұтылуы астаналық клуб тарихындағы ең ірі жеңіліс болып отыр.


  0