Еуропа лигасындағы АЗ - "Астана" матчі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Ойынның басталуы 22:55.

Бүгін, 24 қазанда "Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші тур матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роман Григорчук жаттықтыратын команда қарсылас алаңында голландиялық "АЗ Алкмар" клубымен ойнайды. Матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 22:55. Ойынды Qazaqstan арнасында тікелей тамашалауға болады.

Матчте Энеа Йорги бастаған албаниялық төрешілер тобы қызмет етеді, Ридигер Чокай және Рейди Авдо бас төрешінің көмекшілері, қосалқы төреші - Криденс Мета.

Екі тур қорытындысы бойынша L тобында төрт ұпайдан жинаған сербиялық "Партизан" мен англиялық "Манчестер Юнайтед" бірінші-екінші орында, АЗ (2) үшінші, ал "Астана" ешқандай баллсыз соңғы келеді. 


  0