"Қайрат" жастар құрамы "Астананы" ойсырата жеңді

Ойын Қазақстан астанасында өтті.

Қазақстанның Бірінші лигасы 24-ші матчінде "Астана" командасының жастар құрамы "Қайрат-Жастар" клубынан ірі есеппен ұтылды, - деп хабарлайды Vest.kz.

Нұр-сұлтанда өткен ойын 5:0 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапында Вячеслав Швырев (10-шы минут), Артур Шушеначев (26), Андрей Ульшин (59), Сұлтанбек Астанов (82), Нұрдаулет Ағзамбаев (89) гол салды.

Осы матчтен кейін "Кайрат-Жастар" 34 ұпаймен турнир кестесінде жетінші болды. "Астана" жастар құрамы (22) 12-ші.


  0