Қазақстандық футболшы қыздың голы ЦСКА-ға тарихта алғаш Ресей чемпионы атануға септесті

Мәскеулік командаға ол сәуірде ауысқан.

Мәскеулік ЦСКА тарихта алғаш рет жоғары дивизиондағы әйелдер командалары арасында Ресей чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресей чемпионатының 18-ші турында ЦСКА Ижевск қаласының "Торпедо" клубын қарсылас алаңында 4:0 есебімен ұтты. Бұл ойында Надежда Смирнова дуль жасады, ал Екатерина Сочнева мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Юлия Мясникова бір голдан салды. 

Осы жеңіс пен "Локомотив" командасының "Чертановодан" ұтылуына байланысты әскери клуб 12 ұпай алға шығып, жарыс аяқталардан үш тур бұрын чемпион болды.

Еске салайық, 26 жастағы Мясникова ЦСКА сапына сәуірде өткен. Бұрын ол "БИIК-Казығұрт" командасында өнер көрсеткен. Ал Қазақстан құрамасы үшін 17 ойын өткізіп, екі гол салған. 


  0