Үшінші дивизиондағы клуб "Спортингті" Португалия кубогы үшін жарыстан шығарып тастады

Команда Португалия кубогының қазіргі иегері.

Лиссабондық "Спортинг" Португалия кубогының 1/32 финалында үшінші дивизионында өнер көрсететін "Алверкадан" ұтылды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Алверка-ду-Рибатежу қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Алверка" сапында Алекс Аполинарио (10-шы минут) мен Луан Силва (55) гол салды.

"Спортинг" Португалия кубогының қазіргі иегері.


  0