Месси "Алтын бутсыны" алтыншы рет жеңіп алды

Бұл сыйды ол алғаш 2009-2010 жылғы маусымда алған.

"Барселона" футбол клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2018/2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша "Алтын бутсы" иегері атанды. Бұл марапат Мессиге алтыншы рет табысталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Алтын бутсы" - Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттарындағы үздік сұрмергенге табысталатын марапат. Өткен маусымда Ла Лигада 36 гол соққан аргентиналық футболшы аталған жүлдені қанжығасына басты.

"Мен бұл марапатқа командаластарым болмағанда қол жеткізе алмас едім. Бұл – бәрімізге ортақ жеңіс. Бұл – команданың әр мүшесін мойындау. Баршаңызға рақмет, келесіде кездескенше", - деді Лионель Месси.

Айта кетейік, Месси бұл сыйлықты алғаш рет 2009-2010 жылғы маусымда алған.


  0