Футболшы алаң ортасынан баспен гол салды

Ойын Англияда өтті.

Ұлыбританияның жетінші лигасында "Басфорд Юнайтед" және "Юнайтед оф Манчестер" командалары арасындағы ойында қызықты жағдай болды, - деп хабарлайды "Eurosport".

Екінші таймда манкуниандықтард допты алаңнан шығармақшы болып, өз алаңынан шірене тепкен уақытта "Басфорд" қорғаушысы Стефан Галински әуелеген допты баспен ұрған.

Доп "манчестер" айып алаңына бірақ түсіп, қақпашының бойынан асып, қақпаға кіріп кетті.



"Кейде тек басыңды қоя салудың өзі жеткілікті. Олардың қапашысы қатты шығып кетті, ал қалғаны менің жұмысым. Сондай-ақ, бұл осы маусымда алысқа жіберген добым шығар", - деді гол авторы.

Нәтижесінде "Басфорд Юнайтед" 3:1 есебімен жеңіске жетті.


  0