"Обал болды". Футбол ардагері Құрама ойыншысының "Қайратқа" ауысуы жайлы

ҚПЛ-де ол 13 ойнға ғана қатысты.

Футбол ардагері Юсуп Шадиев Қазақстан құрамасының ең талантты ойыншыларының бірі Еркебұлан Тұңғышбаев "Қайраттың" негізгі құрамына кірмей тұрғанына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ордабасынан" жыл басында "Қайратқа" өткен Тұңғышбаевқа обал болды. Алматылық клубқа ауысуы ең үлкен қателігі болды. Командада қандай ойыншылар екенін қарау керек. Онда мажарлық Эппель, онда Эсеола, олар мүлде басқа футбол ойнайды. Ауысты да қосалқы ойыншылар орнына барып отырды, ал қандай талантты жігіт. Оның үстіне құрама үшін сәтті ойнаған - өте жылдам, жақсы қозғалады. Ақылымды айтайын. Қазір басқа командаға ауыспаса, барын жоғалтады", - дейді Шадиев.

24 жастағы Тұңғышбаев шымкенттік футбол мектебінің түлегі. "Қайратпен" 2021 жылға дейін келісімшартқа отырды, дегенмен, негізгі құрамға ілікпеді де, ҚПЛ-де 13 ойын ғана өткізді. Онда да тек ойыншыларды алмастырды. 


  0