Әлемнің ең қымбат футболшысы 50 миллион еуро жалақыдан бас тартты

Франциялық клубтан кеткісі келеді.

Франциялық "Пари Сен-Жермен" форварды Килиан Мбаппе клубтың жылына 50 миллион еуро еңбекақысынан бас тартты, - деп хабарлайды OKDIARIO.

Басылым мәліметінше, париждік клуб басшылығы футболшыға 2024 жылға дейін келісімшарт ұсынған. Алайда 20 жастағы Мбаппе "Реалға" ауысуды ойлағандықтан, ұсынысты қабыл алмаған.

Мадридтік клуб Мбаппе үшін ПСЖ-ға 280 миллион еуро ұсынбақ екен, биыл наурызда France Football осындай ақпарат жариялаған еді. Олай болған жағдайда бұл футбол тарихындағы ең қымбат трансфер атанады. 

СCIES Football Observatory мәліметінше, Мбаппе әлемдегі ең қымбат ойыншы - 252,2 миллион еуроға бағаланып отыр.


  0