"Астана" - "Қайрат" және "Тобыл" - "Ордабасы" ойындары тікелей көрсетіледі

Ойындар 20 қазанда басталады.

QazSport арнасы 20 қазанда өтетін Қазақстан премьер-лигасының 30 турындағы негізгі екі матчті тікелей көрсетеді.

Қазақстан астанасының уақытымен 14:00-де Қостанайдан жергілікті "Тобыл" мен шымкенттік "Ордабасы" ойынының тікелей трансляциясы жүреді.

Ал кешкі 20:00-де "Астана" мен "Қайрат" арасындағы матч басталады. Бұл ойын "Астана Аренада" өтеді.

Қазіргі таңда ҚПЛ турнирлік кестесін 29 ойында 62 ұпай жинаған алматылық клуб бастап тұр. Одан кейін "Тобыл" (28 матчте 59 балл), "Астана" (28 матчте 57 ұпай) және "Ордабасы" (29 ойында 53 балл).


  0