"Қазақтардың ойынын білеміз, бірақ, олар басқаша ойнай бастады". Мадридтік "Реал" голкипері

Ол төрешінің көп қателескенін атап өтті.

Бельгия құрамасы мен мадридтік "Реал" қақпашысы Тибо Куртуа "Астана-Аренадағы" Қазақстанмен ойынға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Жасанды газонда ойнау қиын болды, осы ұнамады. Бірақ бар назарымызды салдық. Қазақтардың қалай ойнайтынын білеміз, бірақ, олар басқаша ойынай бастады, агрессивті. Төреші де көп қателесті. Жалпылай біз жұмысымызды жақсы атқарып шықтық. Алғашқы 10-15 минут өте ауыр болды. Сосын бірінші голды салдық, осыдан кейін олар қысымын азайтты. Екінші таймда екінші гол салып, ойын барысын қадағауға алдық. Үшінші гол салар едік, бірақ, өзіңе гол соққызбай жеңген жақсы. Енді Ресейге аттанамыз, онда мүлде басқа матч болады. Қиынырақ ойын күтіп тұр. Жеңе аламыз деген үміттемін", - деп келтіреді Куртуаның сөзін sporza.be.


  0