Қазақстан Еуро-2020 іріктеуінде әлемнің үздік құрамасынан ұтылды

Екі таймда гол соғылды.

Футболдан Қазакқстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа іріктеу кезеңі аясында Бельгия құрамасымен ойнады. Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде әлемнің үздік құрамасы саналатын қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы 10 минут ішінде Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алға ұмтылумен болды. Бельгия құрамасы ойыншыларына қысым жасап, жылдам гол соғуға тырысты. Бірақ тәжірибелі қарсыластары қателескен жоқ. Уақыт өте басымдықтарын байқата бастады. 21 минутта Миша Батшуайи гол соғып, командасын алға шығарды.

Бірінші тайм аяқталғанға дейін Қазақстан құрамасы ойыншысы Максим Фединде мүмкіндік болған. Алайда ол берілген сәтте мүлт кетті.

Екінші тайм басында команда капитаны Эден Азар шығарған пасты сәтті пайдаланған Тома Минье есепті еселеді. Ойын соңына қарай Ян Вороговскийде бір мүмкіндік болған. Алайда ойыншы допты қақпадан биік тепті. Ал 82 минутта Бауыржан Исламхан айып соққысынан тепкен допты Тибо Куртуа қайтара білді.




Бельгия құрамасы топта бірінші болып Еуропа чемпионатына жолдама алып үлгерген. Топтағы 8 ойында да жеңіске жетті. Қалған ойындарда да негізгі құрам ойыншыларын алаңға шығарып, барлық кездесуде жеңіске жетуді көздейді.




















Сурет: Тұрар Қазанғапов©.Vesti.kz


  0