"Ақтөбеден" қашқан футболшы бразилиялық клубқа ауысты

Ол Бундеслигада да өнер көрсеткен.

"Ақтөбенің" бұрынғы қорғаушысы Фабрисио Силва Дорнеллас отанына оралып, Бразилияның екінші лигасындағы "Парана" командасында ойнайтын болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келісім келесі жылдың сәуіріне дейін есептелген. 

29 жастағы футболшы "Ақтөбе" үшін былтыр ойнаған. Ал лубқа ескі қарыздарына байланысты трансферлік бан қойылғанда Қазақстан чемпиоатында тоғыз матч ойнаған футболшы ақтөбеліктер сапынан кетіп қалған.  

ҚПЛ-ден кейін ол бразилиялық "Гуарани" мен мексикалық "Веракрусте" ойнады. Бразилиялық бұрын да "Парана" үшін ойнаған - 2008 жылы. Ал 2009 жылы "Фламенгомен" Бразилия чемпионатын ұтқан. Ал сол жылдың басында "Хоффенхайм" үшін жалға алу құқықмен бундеслигада алтиы матч ойнады. 

Фабрисионың қазіргі таңдағы трансферлік құны миллион еуро.


  0