Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Сондай-ақ, ол "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Раульдің рекордын қайталады

"Ювентус" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Байердің" қақпасына жауапсыз үш гол соғып, үш ұпайға ие болды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Осы матчтан соң туриндік команданың шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты. Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы жеңістер саны бойынша оқ бойы озық тұр. Ол "Реалдағы" бұрынғы әріптесі Икер Касильястың рекордын (101 жеңіс) жаңартты. Енді Роналдудың еншісінде – 102 жеңіс. 

Сондай-ақ, Роналду "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Раульдің рекордын қайталады. Ол Чемпиондар лигасында гол санын 33-ке жеткізді.



"Байерге" қарсы матчта Роналду 89-минутта командасының үшінші голын соққан. Оған дейін Игуаин мен Бернардески көзге түсті.

Бұған дейін Криштиану Роналду ерекше рекорда орнатқан еді. Ол Instagram желісінде жазылушылар саны 180 миллионға жеткен алғашқы танымал адам атанды. Португалиялық футбол жұлдызының танымалдығы сонша, тіпті, жазғы демалыс маусымында да инстаграм парақшасындағы жазылушылар саны қарыштап өскен.

Мысал үшін: Криштиану небәрі 2 ай 11 күнде 10 миллион жаңа оқырман жинады, яғни, оның аккаунтындағы жаңа жазылушылардың орташа бір күндік саны – 139 мың. Салыстыру үшін айтатын болсақ, бұл Андорра халқынан бір жарым есе көп.


  0