Бұрынғы футболшысы және ҚПЛ матчтерінің арбитрі көз жұмды

Кәсіпқой деңгейде ол 11 маусым ойнаған.

"Тобылдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазбек Кушебин 48 жасында көз жұмды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

1993 пен 2004 жылдар аралығы Кушебин "Тобылдан" бөлек "Шахтер", "Жеңіс", "Восток" және "Қайсар" сапында ойнаған. Рудный футбол мектебінің тәлімгері ойыншы карьерасын аяқтаған соң арбитр болды - премьер-лига, бірінші лига және дублерлер турнирінде төрелік етті.

"Тобыл" футбол клубы Қазбек Ғалымұлының туыстары, жақындары мен достарына көңіл білдіреді", - делінген хабарламада.


  0