Чемпиондар лигасының шешуші ойыны көрші елде өтетін болды

Оған мюнхендік "Бавария" да үміткер болған.

Петербордағы "Газпром-Арена" стадионында 2021 жылғы Чемпиондар лигасының финалы өтед. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.

Шешім УЕФА атқару комитетінің Любляндағы жиналысы кезінде қабылданды. 2021 Чемпиондар лигасы финалын өткізуге мюнхендік "Бавария" да үміткер болған.

Еуропалық басты клубтық турнирдің финалы Ресейде екінші рет өтеді. 2008 жылы Чемпиондар лигасының шешуші матчі Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен. Ол кездегі "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" арасындағы ойында манчестерліктер жеңген.

Крестов аралындағы стадионында 2017 жылғы Конфедерация кубогы мен 2018 жылғы әлем чемпионатының ойындары өткен. 50 миллиардтай рубльге 10 жылдай салынған стадион 2016 жылы қолданысқа берілді.


  0