Қазақстан құрамасы қыркүйектегі ФИФА рейтингінде Солтүтстік Кореядан төмен тұр

Команда екі ойында бір ұпай жинады.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) рейтингінде Қазақстан құрамасы төрт сатыға түсіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұйымның ресми сайтында 19 қыркүйекте жарияланған рейтингте Михал Билек жаттықтыратын команда 116-шы орында тұр. Бір қызығы Мозамбик (112, +4), Солтүстік Корея (113, +5), Тайланд (114, +1) пен Тәжікстан (116, +5) сияқты елдер Қазақстаннан жоғары тұр.

Соңғы матчтерін қазақстандық команда Еуропа-2020 чемпионатына іріктеу аясында өткізді: қарсылас алаңында Кипрмен тең түсіп (1:1), одан кейін Калининградта Ресей құрамасына есе жіберді (0:1).

19 қыркүйектегі ФИФА рейтингі:
1 (1). Бельгия – 1752 ұпай,
2 (3). Франция – 1725,
3 (2). Бразилия – 1719,
4 (4). Англия – 1662,
5 (6). Португалия – 1643,
6 (5). Уругвай – 1639,
7 (9). Испания – 1631,
8 (7). Хорватия – 1625,
9 (8). Колумбия – 1622,
10 (10). Аргентина – 1614,
...116 (112). Қазақстан - 1169.


  0